Алматыдағы қымбат мейманханалардың бірі қонақтарына алтын араластырылған кофе ұсынды

Алматыдағы қымбат мейманханалардың бірі қонақтарына алтын араластырылған кофе ұсынды
ашық дереккөз
Алматыдағы қымбат мейманханалардың бірі қонақтарына алтын араластырылған кофе ұсынды

1445252569_11Алматыдағы қымбат мейманханалардың бірі The Ritz-Carlton қонақтарына алтын араластырылған кофе ұсынды. Бұл туралы buro247.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZхабарлайды. Бұл шара Қазақ хандығының 550 жылдығы құрметіне ұйымдастырылуда. The Ritz-Carlton мейманханасы өз мәзіріне "Алтын орда” атты кофе енгізді. Оның құрамында кофе, шоколад соусы және ұнтақталған жапырақша алтын бар. Алтынды ұсақтап асқа сәндік үшін қосу әлемдік тәжірибеге біртіндеп енуде. Енді бұл жаңалық Қазақстанға да келіп жетті. "Қазақстан ерекше мәдениеті бар ел бола тұра, жаңа мәдениетті өзіне тез қабылдайды. Сол себепті біз Қазақстан үшін дәстүр мен жаңалықты қатар алған жаңа кофе ұсындық”, – дейді F&B The Ritz-Carlton бағытының директоры Корнелия Митлмайер. Сусын дәстүрлі ыдыста шоколадпен бірге беріледі.

Ұқсас жаңалықтар