![Головкин WBC жүзігіне ие болды](https://aqjolgazet.kz/uploads/resized-images/2015/10/photo_58252.jpg)
Головкин WBC жүзігіне ие болды
Геннадий Головкин канадалық боксшы Давид Лемьені жеңгеннен кейін Халықаралық бокс федерациясының (WBC) жүзігіне ие болды, - деп хабарлайды Vesti.kz.
Олардың кездесуі 18 қазанда Нью-Йорктің Madison Square Garden аренасында өткен болатын. Қазақстандық боксшы сегізінші раундта жеңіске жетіп, IBF белбеуіне ие болды. Айта кетейік, Головкин WBA (Super), IBO және WBC (Interim) белбеулеріне де иелік етеді. Головкиннің бұл 34-ші жеңісі болып отыр. Ол кездесулерінің 31-ін нокаутпен аяқтады. Қазақстандық боксшы алдағы уақытта Котто-Альварес жекпе-жегінің жеңімпазымен кездескісі келетінін айтты. Бірақ ол мұны аралық салмақ дәрежесінде жасағысы келмейтінін мәлімдеді.
Ұқсас жаңалықтар
Ауқымды реформалар – алға басудың алғышарты
- 27 маусым, 2024
Адами борыш, азаматтық міндет
- 17 маусым, 2024
Ақпарат
Президент эстрада әншісін «Барыс» орденімен марапаттады
- 22 шілде, 2024
Таразда тіркелген қылмыс саны 29 пайызға төмендеген
- 18 шілде, 2024
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді