Армрестлингтен Малайзия төрінде өткен әлем чемпионатынан жамбылдық спортшылар бес алтын жүлдемен оралды
Жалпы алғанда, еліміз бойынша армрестлинг спорты Жамбыл облысында қарқынды түрде дамығаны белгілі. Жуан білекті ұл-қыздарымыз қандай бәсі биік сынға қатысса да, қатарынан оза шауып, бәйге алып жатады. Таяуда Малайзия астанасы Куала-Лумпурде өткен әлем чемпионатында соған тағы да көзіміз жете түсті. Байрақты бәсекеде ел намысын абыроймен қорғаған жамбылдық шеберлер 5 алтын, 4 күміс және бірнеше қола медальді қоржынға салып, мерейімізді асырды. Атап айтсақ, 60 келі салмақ дәрежесіндегі спортшымыз Екатерина Ляхова, 50 келідегі Әйгерім Караманова, 65 келідегі Екатерина Тарасенько, +100 келідегі Антонина Лисянская, 70 келідегі Заир Ахмедов секілді саңлақтарымыз қарсылас шақ келтірмей алтын медальді мойындарына ілді. Жамбылдық өрендердің жүлдеге таласы мұнымен толастаған жоқ. Өз салмақ дәрежелерінде жүлдегерлер қатарын толықтырған Лаура Каримбаева мен Татьяна Верина, Владимир Матченко, Аида Кулматовалар күміс медальмен күптелсе, Талғат Айдос пен Динара Нарик үшінші орын тұғырынан көрінді. Иә, Малайзия жерінде өткен әлемдік сында жамбылдық армрестлинг шеберлері жүлдені күреп алды. Жерлестеріміздің ауыз толтырып айтарлықтай жеңістері алдағы уақытта да жемісті нәтижемен жалғасары анық.
Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Шу ауданында 305 спорт нысаны жұмыс істейді
- 28 сәуір, 2026
Шу ауданында жаңа спорт кешені ашылды
- 22 сәуір, 2026
Ақпарат
ЖИ: шетелде қалай, бізде қалай?
- 31 наурыз, 2026
Тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді
- 31 наурыз, 2026
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алудың талабы қандай?
- 31 наурыз, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




