Асланбек абыройымызды асырды
Әскерилер арасында өткен бүкіләлемдік ойындарында
жамбылдық боксшы Асланбек Шымбергенов топ жарды
Оңтүстік Кореяның Мунгён қаласында өткен әскерилер арасындағы Бүкіләлемдік ойындарында 69 кг салмақ дәрежесінде жамбылдық боксшы Асланбек Шымбергенов чемпион атанды. Ол жартылай финалда ринг қожайыны Дон Лиден басым түсіп, өзінің мықты екенін дәлелдей білген болатын. Өзінің туған күнінде рингке көтерілген жамбылдық жампоз өзіне керемет сый жасап, алтын жүлдеге қол жеткізді.
Жалпы, Асланбек Шымбергенов есімі әлемге әйгілі кубалық боксшы Рониэль Иглесиас Сотолонгоны бүкіләлемдік бокс сериясы аясында «Астана арландары» командасының сапында жүріп, финалда жеңген болатын. Оңтүстік Корея төрінде жасындай жарқыраған жамбылдық боксшының ендігі мақсаты – болашақта бұдан да бәсі жоғары додаларда жасындай жарқырап, ел намысын абыроймен қорғау. Біз өз кезегімізде Асланбектің алар асуы мен бағындырар биігі көп екеніне сенеміз.
Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




