Алты миллиардтан астам ақша ұрлаған

Алты миллиардтан астам ақша ұрлаған
ашық дереккөз
Алты миллиардтан астам ақша ұрлаған

БТА банктің бұрынғы басшысының ақыры не болар екен?

«БТА банктің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязов Ресейге экстрадицияланады. Мұндай шешімді Франция соты қабылдады» деп хабарлады AFP Әблязовтің қорғаушысының сөзіне сілтеме жасап. Экс-банкирді Ресейге экстрадициялау туралы құжатқа 17 қыркүйекте Францияның премьер-министрі Мануэль Вальс қол қойды. Өткен аптада Әблязовке бұл шешім туралы хабарланды. Экс-банкир бұл шешімге қарсылық білдіруге ниеттеніп отыр. Бұған дейін Францияның кассациялық сотының БТА банкінің бұрынғы басшысы Мұхтар Әблязовтің өзін экстрадициялау туралы шешімге қатысты шағымын қабылдамағаны хабарланған болатын. Айта кетейік, қашқын банкирді беру туралы өтінішті Украина да білдірген болатын. Ресейде бұрынғы банкирге алаяқтық, жалған құжаттар әзірлеу, лауазымын асыра пайдалану, бес миллиард долларды жымқыру сияқты көптеген заңбұзушылық жасады деген айып тағылды. РФ прокуратурасы Әблязов биыл Ресейге беріледі деп күтіп отыр, себебі бұл елде оны қамауға алу туралы санкция бар. Мұхтар Әблязов 2013 жылы жазда Францияда ұсталып, әлі күнге дейін қамауда отыр. 2014 жылдың қаңтарында төменгі инстанциядағы сот оны экстрадициялауды қолдады, бірақ сәуір айында кассациялық сот бұл шешімнің күшін жойды. Іс Лионның апелляциялық сотында қаралды, ол да банкирді беру туралы сұранымды қанағаттандыруды ұсынып, Ресейге басымдық берілетінін мәлімдеді. Қазақстанда Мұхтар Әблязов 6 миллиард доллардан астам соманың қаржылық алаяқтығын жасады деп айыпталды. Бұдан басқа айлакер қаржыгердің шетелде 924 зәулім үйі мен 12 коттеджі бар екен. Ол өз отанында мүлкін тәркілеумен бірге 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Ал Ресей не деп үкім шығарар екен?

«Ақ жол-Ақпарат».

Ұқсас жаңалықтар