50 жастағы ер адам мәйітханада оянды

50 жастағы ер адам мәйітханада оянды
ашық дереккөз
50 жастағы ер адам мәйітханада оянды

photo_21432Үндістанның Мумбай қаласында 50 жастағы ер адам мәйітханада оянды, - деп хабарлайды BBC.

Жергілікті ақпарат құралдарының мәліметінше, ер адам автобус аялдамасынан ес-түссіз күйінде табылған. Дәрігер тексергеннен кейін оның өлгенін айтып, мәйітханаға апаруды тапсырады.

Ер адам жеткізілген аурухананың қызметкері оның ішімдікті көп ішкенін, оның бетінде теріні жеп тастаған құрттардың таблғанын айтты. Болжам бойынша, ер адам бір орында 6-7 күндей жатып қалған.

Дәрігердің ер адамның тамырының соғуын, демі мен жүрек қағысын тексергені белгілі болды. Қазір аурухана басшылығы ер адамның толық тексерістен өткізілместен мәйітханаға жіберілу себебін анықтап жатыр. Ер адам қазір аурухананың жан сақтау бөлімінде.

Ұқсас жаңалықтар