Қырғыз түрмесінен экстремистердің қашуынан кейін Жамбыл облысында “Жедел ұстау” жоспары енгізілді

Қырғыз түрмесінен экстремистердің қашуынан кейін Жамбыл облысында “Жедел ұстау” жоспары енгізілді
ашық дереккөз
Қырғыз түрмесінен экстремистердің қашуынан кейін Жамбыл облысында “Жедел ұстау” жоспары енгізілді

pogudx6omkh18dnsp.b178200fҚырғызстанда 2015 жылдың 12 қазанына қараған түні Шу облысында түзету мекемесінен тоғыз экстремистің қашып кетуіне байланысты Жамбыл облысында “Жедел ұстау” жоспары жарияланды, деп хабарлайды  өңірдегі ІІД баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта Қырғызстанның тиісті органдарымен бірлескен түрде жедел-іздестіру шаралары жүріп жатыр. “Жедел ұстау” жоспары жарияланды. Осы оқиғаға байланысты Жамбыл облысының ішкі істер органдарының барлық жеке құрамы қашқын қылмыскерлердің біздің территориямызға кірунің жолын кесуге бағытталған”, — делінген таралған хабарламада.

Сонымен қатар, полицейлер азаматтық қоғамды қырағы болуға шақырып отыр. Тәртіп сақшылары іздестіріліп жатқан тұлғаларға қатысты қандай да бір мәліметі барлардан “102” телефонына хабарлауды сұрайды.

Осыған дейін Қазақстан шекарасының күзеті Қырғызстандағы колониядан 9 экстремистің қашуынан кейін күшейтілгені хабарланған болатын.

Ұқсас жаңалықтар