Мереке күндеріне тұспа-тұс келген тоғызыншы турдағы матч жерлестеріміздің пайдасына шешілгенмен, «Тараз» турнир кестесінде он бірінші орнынан жоғары көтерілген жоқ. Талдықорғандық «Жетісуды» ұтып, олжалаған үш ұпай жағдайды жақсарта алмады. Тоғыз кездесу өткізіп, екі ойында жеңіске жетіп, екеуінде тең түскен тараздықтардың қоржынында қазір небәрі сегіз ұпай ғана бар. Дәл осындай жағдай керекуліктерде де қалыптасқан. Тек, «Ертіс» «Тараздан» басқа көрсеткіштері бойынша алда. Былтырғы ел чемпионы «Ақтөбе» – көш басында. Ақтөбеліктер әр ойын сайын турнир кестесінде орнын нықтай түсуде. Екінші және үшінші сатыны әзірге «Астана» мен «Шахтер» командасы бөлісіп отыр. Одан кейін бес ұпай айырмашылығымен «Атырау» мен «Ордабасы» тұр. «Жетісу» – жетінші орында. «Жетісудың» турнир кестесіндегі көрсеткіші жақсы болғанымен, «Тараз» үшін азулы қарсылас емес. Әрі өз алаңында өткен ойында басымдық тараздықтарда болды. Жерлестерімізде гол соғатын бірнеше мүмкіндік болды. «Екінші таймда да есеп ашылмай ма?» деген қауіпті «Тараз» сапына жақында қосылған шабуылшы Алексей сейілтті. Бауыржан Байтана, Рой Рок бастаған шабуылды тоқсаныншы минутта Алексей Щеткин түйіндеді.
Ардақ Үсейінова, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Ерлік жолын жеңіспен ұштастырған өрендерӨрнек
- 23 желтоқсан, 2024
Бірқатар нысандар ел игілігіне берілді
- 16 желтоқсан, 2024
Ақпарат
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді