Биылғы Чемпиондар Лигасының финалдық ойыны өте қызықты болғалы тұр. Ақтық кездесуде чемпиондық атақты екі елдің емес, бір қаланың қос командасы сарапқа салмақ. Бір сөзбен айтсақ, мадридтіктер матчы өтеді. Алғашқы жартылай финалдық кездесуде Германияның «Бавариясын» «Реал Мадрид» «сүріндірген» болатын. Бұл матчта мадридтік клуб финалға жолдама алып қана қойған жоқ. «Бавария» қақпасына жауапсыз төрт гол соғып, оларды чемпиондық атағынан айырды. Сөйтіп, он екі жылдан кейін Чемпиондар Лигасының финалына шықты. Ал, «Атлетико Мадрид» командасы ағылшындарды жеңіп отыр. Англиядағы алып алаңдардың бірі – «Стэмфорд Бридждегі» матчтағы тіркелген есеп – 1:3. «Челси» мен «Атлетико Мадрид» кездесуі жайлы спорт сарапшылары алдын ала түрлі болжамдар жасаған еді. Тіпті, танымал «Marca» басылымы «Мадридтік финал бола ма?» дегендей ортақ сауал тастаған-ды. Бұл негізсіз емес екен. Енді жанкүйерлер Лиссабонда өтетін ақтық кездесуде расында мадридтік финалға куә болмақ. * * * Жанкүйерлердің тағатын тауысқан тағы бір дода Еуропа Лигасы да аяқталуға таяу. Жартылай финалдық кездесулер өтіп, ақтық сынға шыққан командалар белгілі болды. Екінші жыл қатарынан финалда өнер көрсететін португалиялық «Бенефика» мен испаниялық «Севилья» чемпиондық атақты сарапқа салмақ. Еуропа Лигасындағы ақтық кездесуі 14 мамыр күні өтеді.
Ардақ Үсейінова, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




