Мереке қызығы түйе балуандарымен...
Ертең қазақ күресінен халықаралық «Еуразия барысы» додасы басталады Қазақ хандығының 550 жылдық тойы Еуразия балуандары бақ сынайтын бәсекесімен де қызықты болғалы тұр. Тараз шаһарында кезекті мәрте жалауы желбірейтін халықаралық «Еуразия барысы» турниріне қатысатын командалардың құрамы толығымен анықталды. Бұған дейін хабарлағанымыздай, «Еуразия барысы» додасының түйе балуандар сынында өнер көрсетуге тиіс ағымдағы жылғы «Қазақстан барысы» аламанының жеңімпазы, жерлесіміз Бейбіт Ыстыбаевтың орнына негізгі құрамда Айбек Нұғымаров белдесетін болды. Дегенмен, жамбылдық балуан қосалқы құрамда бар.
Бірінші рет жеті салмақ дәрежесінде өткелі отырған байрақты бәсекеде қазақ саңлақтарынан бөлек Түркия, Өзбекстан, Моңғолия, Қырғызстан, Грузия, Польша, Ресей спортшылары бақ сынайды. Мегажобаны бір рет моңғол балуандары жеңсе, бір рет қазақ оғландары топ жарған болатын. Таразда оқу-жаттығу жиынын өткізген ұлттық құраманың баһадүрлері айтулы аламанға тас-түйін дайын. Дуы басым додада топ жаруды көздейді. «Басқа-басқа, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналып отырған айтулы жарыста ел мерейін асырып, тұғырдың ең биік сатысынан көрінуіміз керек. Өйткені қазақ күресі – төл спортымыз, ұлттық құндылығымыз» дейді сайын дала төсінде еркін өскен егемен елдің балуандары. Біз де Қазақстан ұлттық құрамасының балуандарына сәттілік, жеңіс тілейміз!
Табиғат Абаилдаев
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




