РОНАЛДУДЫҢ АЯҒЫ... 90 МИЛЛИОН СТЕРЛИНГКЕ САҚТАНДЫРЫЛДЫ
1960 жылдың ортасына дейін ойыншылар ауыстыруға рұқсат етілмеген. Егер қақпашы жарақат алып қалса, алаңдағы ойыншымен ауысқан. * * * Футболдың алғашқы ережесі 1863 жылдың 8 желтоқсанында Англияда қабылданған. * * * Англиядағы «Уэмбли» алаңы тек ресми ойындар ойнау үшін салынған. Алаңда жаттығуға тыйым салынған. * * * Италияның Асти қаласында болған жолдастық кездесуде жергілікті клубтың шабуылшысы Маскио допты тебем деп жерді теуіп қалады. Соққы ауыр болғандықтан аяғы қатты ауырып қалады. Бұзылған жерді тексерген кезде, тарихи ескерткіш адамның қаңқасы табылады. Маскио ақшалай сыйлық пен «археологиялық қазба табуға сіңірген еңбегі» үшін деп марапатталады. * * * Дортмундтық «Боруссия» клубының бас бапкері Юрген Клоптың толық есімі — Юрген Норберт Шульце Клаус Абу Аль Мария Сизем Клопп. * * * Кака — Месси, Роналдумен болған тартыста «Алтын допты» жеңіп ала білген жалғыз футболшы. * * * Мадридтік «Реал» Роналдудың аяғын 90 миллион фунт стерлингке сақтандырды. * * * Шетел құрамасында бас бапкер болған алғашқы қазақ — Тимур Сегізбаев. Ол Йемен құрамасын баптаған. * * * «Шахтёр» — қазақ футбол клубтары арасында «Еуропа Лигасының» топтық кезеңіне өткен алғашқы клуб. * * * Ди Мария — футболдың қазіргі қос алыбы — Мессимен (Аргентина) де, Роналдумен («Реал») де бірге ойнайтын жалғыз футболшы.
Ардақ Үсейінова, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




