Жыл сайын 9 мамыр – Жеңіс күні қарсаңында ардагерлер арасында бильярдтан немесе шахматтан жарыс өткізу дәстүрге айналған. Ардагерлер үшін әсіресе, шаршы тақта алдындағы кездесудің жөні бөлек. Бір жағынан ой сергітетін ойын әрі өзара бас қосып, әңгіме шертетін мүмкіндік. Биыл дәстүрлі шараны өткізуге Тараз қаласындағы «Триумф» сауда үйі демеушілік жасапты. Әрбір ойыншыға бес мың теңгеден ынталандыру сыйлығын беріп, ардагерлерге ақ дастарқан жайды. Облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Әмірбек Дәуреновтің айтуынша, жеңімпаздарды анықтау үшін жарыс олимпиадалық жүйемен өткізіліпті. «Сыйлық бірдей болғанымен, жүлдегерлер нағыз бәсекеде анықталды», – дейді ол. Шаршы тақтадағы жарыста Совет Ғалиакпаров жеңімпаз деп танылды. Екінші орынды Әмірбек Дәуренов, үшінші орынды Арғынбай Бекбосын иеленді. «Біз мұндай басқосуларда қоғамда болып жатқан мәселелерді қозғап, әңгімелесеміз. Ортақ проблемаларды шешудің жолдарын қарастырамыз. Екінші жағынан бір-бірімізбен жарысып, ой сергітеміз. Сондықтан, мұндай шараларға қалмай қатысамын», – дейді облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Совет Ғалиакпаров.
Ардақ Үсейінова, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




