- Advertisement -

Түркістанда 44 жастағы азамат мектеп оқушысын еркінен тыс алып қашты

72

- Advertisement -

98Түркістанның 44 жастағы тұрғыны үйленемін деп абақтыдан бір-ақ шықты деп жазады Timeskz.kz.

Маусым айының басында ол өзінің жолдастарымен бірге 11-сыныпта оқитын қызды алып қашқан. Мектептен шыққан жеткіншекті көлікке күштеп отырғызып, қаланың сыртына шығарып, күйеуге шығудан бас тартқан жағдайда тірідей көмеміз деп әбден қорқытыпты.

Қорыққан қыз сол жерде келісімін беріпті. Күйеу жігіт болса оны алдымен Шымкенттегі қонақ үйлердің біріне, кейін өз үйіне қайта алып келген. Қараусыз қалған бірер минутта оқушы қыз ата-анасына қоңырау соғып, болған жайтты баяндапты.

Оның әкесі полицияға хабарласып, қызының ұрланғандығы туралы арыз түсірген. Тәртіп сақшылары күдіктіні сол күні ұстады. Ал, оған көмектескен екі жолдасы болса қаладан қашып кеткен, олар қазір іздестірілуде.

Қазір ұсталған азаматтың үстінен үш бап: “адам ұрлау”, “кәмелетке толмаған жеткіншекті зорлау” және “ұрлық” фактілері бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support