Нұрсұлтандай Дарабоз, Жақсы ісін жалғасын!

Нұрсұлтандай  Дарабоз, Жақсы  ісін  жалғасын!
ашық дереккөз
Нұрсұлтандай Дарабоз, Жақсы ісін жалғасын!
[caption id=" align="alignnone" width="255"]Әбілда Кенжебаев,  еңбек ардагері, 90 жаста. Әбілда Кенжебаев, еңбек ардагері, 90 жаста.[/caption] Жүрген жерің нұр болсын, Тыңдағаның жыр болсын. Раббым Алла оңғарсын, Қызыр баба қолдасын. Бас аман, мал түгел боп, Береке-бірлік орнасын. Бақ пен дәулет қатар кеп, Мыңғырып өссін мал басың. Іңгәлаған, «мен мұндаған» ұрпағың, Жер қайысқан қол болсын. Қайда жүрсең жол болсын, Күнде жиын той болсын. Биік болып мәртебең, Топ ішінде сыйың болсын. Ауызбірлік мықты боп, Жаман жолдан тыйым болсын. Қонақ күтер жайың болсын, Хан сарайдай үйің болсын. Шаңыраққа құт қонып, Керегеміз кеңейді. Барлық ұлттар бас қосқан, Бауырмал ел атандық. жер дүниенің жүзіне, қазақ болып танылдық. Осындай күнге жеткізген, Елбасымыз Нұрекең! Қыран қонған көк туым, Күнге сәлем жолдасын. Нұрсұлтандай Дарабоз, Жақсы ісін жалғасын. Қанаты әркез талмасын, Тірлікті Алла қолдасын. Нұрлы жолмен елімнің, Ырысқа толтыр ордасын. Қалың қазақ ағайын, Ақ тілегің оң болсын.
Әбілда Кенжебаев, еңбек ардагері, 90 жаста.

Ұқсас жаңалықтар