- Advertisement -

Ғалымдар қараңғыда сәуле шашатын тасбақа түрін тапты

157

- Advertisement -

25355Тынық мұхитындағы Соломон аралдарының қасында алғаш рет сәуле шашатын рептилия табылды. Ол жоғалуға жақын қалған бисса тасбақасы болып шықты, деп жазады epochtimes.ru.

Биссаның бұл ерекше қасиетін суасты бейнетүсірілім жасаған биолог Дэвид Грубер анықтаған. Түнгі жүзуі кезінде ғалым сәуле шашқан тасбақаны көріп, оны «көптеген жасыл және қызыл түсті жарықтары бар өзге ғаламшардан келген ғарыш кемесімен» салыстырған. Ол рептилияны таспасына түсіріп үлгерді.

Ғалымдар тасбақаның неліктен қараңғыда сәулеленетінін анықтаған жоқ. Мүмкін, ол сол арқылы азық іздеп немесе жауларынан қорғанатвн болар.

Тасбақалардың бұл түрін зерттеу өте қиын, себебі олар жойылуға жақын. Соңғы бірнеше онжылдықтың ішінде бисса тасбақаларының саны 90 пайызға кеміген.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support