- Advertisement -

Полицияда қызмет ететін Қазақстан тумасы АҚШ-та танымалдыққа ие болды

107

- Advertisement -

5523Бруклиндегі (АҚШ, Нью-Йорк) метро станциясының маңында әйел полицей қызметін атқаратын Қазақстан тумасы Данияр Нұртазаның көмегімен аман-есен босанып, дүниеге ұл әкелді.

Жедел жәрдем” мен полицейлер әйелді 27 қыркүйекте метро станциясы маңынан таңғы 5.30-да тапты деп хабарлайды NYDailynews.com.

“Ол жылап, “маған келіңіздерші, балам дүние есігін ашпақшы” деумен болды”, – дейді сол маңда қызмет ететін 55 жастағы Икбал Шахид.

Дәрігерлер әйелді сол жерде босандырды. Жаңадан туылған баланың маңына адамдар үймелей бастады.

“Ол көзін ашып, айналасына қарады. Ірі болатын, түрі де жаман емес “, – дейді куәгерлер.

“Көптеген адамдар бақытты болып, қол шапалақтады”, – дейді 56 жастағы дүкен сатушысы Дуг Левин.

Біз оған жүгіріп жеткенде, бала дүниеге келіп жатты. Фельдшер оны ұстап үлгерді. Мен кідірмей жедел жәрдем көлігіне жүгіріп, ол жерден қажет медициналық құралдарды алып келдім. Бәрі тез арада болғаны соншалық, не болғанын өзім де түсінбей қалдым. Біз дер кезінде үлгергенімізге бақытты болдым”, – деген Нұртазаның сөздерін Tengrinews.kz жариялады.

Нұртаза АҚШ-та 2002 жылдан бері тұрады. 2008 жылы АҚШ азаматтығын алып, 2010 жылы полицейлік емтиханнан өткен. Ал 4 жылдан кейін полицейлік қызметке орналасты.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support