Алматы облысының тігін кәсіпорны балаларға арналған спорттық киім брендін ұсынып отыр

Алматы облысының тігін кәсіпорны балаларға арналған спорттық киім брендін ұсынып отыр
ашық дереккөз
Алматы облысының тігін кәсіпорны балаларға арналған спорттық киім брендін ұсынып отыр

20150929161114Еңбекшіқазақтағы «Plus» ЖШС тігін кәсіпорнының менеджерлері елордалық Олимпиадалық даярлау орталығы үшін ішкі нарыққа балалар мен жасөспірімдерге арналған спорттық киім брендін ұсынып отыр.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, небәрі 20 есіктік тігінші жұмыс істеп отырған фабрика ашылған соң үш жылдан кейін өзінің сауда белгісін қазақстандық нарыққа ұсынды.

«Plus» ЖШС бастапқыда нарыққа бағдарланған. Ашыла салысымен жылына спортшыларға арналған төрт мың бірлік костюм тігуді жоспарлаған кәсіпорын 2012 жылы жүз миллион теңгеден астам табыс тапты. Бүгінде кәсіпорынның табысы 200 миллионды құрап отыр.

Жапониядан сатып алынған жабдықтар «Plus» ЖШС-нің қызметкерлеріне құрылысшылар мен коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің арнайы киімін, аңшылар үшін камуфляж, балықшыларға арналған комбинезондар, мектеп киімі және тағы басқаларын шығаруға мүмкіндік беріп отыр. Бұл ретте киімнің сапасы басымдыққа алынды. Еңбекшіқазақ ауданында шығарылған киімге Ақтау, Атырау, Қарағандының бөлшек сатып алушылары қуана тапсырыс беруде. Бұл тігін фабрикасының дүкені Алматыда бар. Жақын уақытта тағы біреуі Астанада ашылмақ.

Кәсіпорын директоры Динара Сәниева шикізат ретінде ресейлік, кәріс, түрік тоқымасын пайдалануға мәжбүр болып отырғандарын баяндады. Біздің тұтынушымыздың шетелдіктен кем түспейтін отандық баламаларға неліктен сенбейтіні түсініксіз болып отыр. «Plus» ЖШС басшылығы серіктестерінің назарын отандық балама өнімдерге аудармақ. Кең көлемді ақпараттық-түсіндіру және жарнамалық науқанды өткізу жоспары жасалып жатыр. Ол жергілікті, облыстық БАҚ-та және Астана және Алматы қалаларында таратылатын газеттер арқылы өткізіледі.

Ұқсас жаңалықтар