Футболдан Қазақстан премьер лигасының 27-туры аясында орталық стадионда жергілікті «Тараз» футбол клубы Қарағандының «Шахтер» командасын қабылдап, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Екінші алтылықта ілініп-салынып жүрген кеншілер алаң иелеріне қарсы еш қарсылық көрсете алмады. Төреші ысқырығы естіле салысымен қарсылас команданың қақпасына лап қойған «Тараз» ойыншылары жылдам гол соғып, есептегі басымдықты қолға алды. Матчтың 12-минутында ойын ережесін бұзған «Шахтер» футболшысы Пламен Димов алаңнан қуылды. Он бір метрлік айып добын орындауға беттеген Изу Азука өз мүмкіндігін мүлт жібермей, таразы басын «Таразға» аударды. Мұнан соң «Шахтер» футболшылары шабуылдан гөрі қорғанысқа ден қойды. Алғашқы кезеңде есеп өзгеріссіз қалғанымен, кездесудің екінші жартысында «Тараз» ойыншысы Александр Пищур мергендігімен көзге түсіп, «Тараздың» есептегі басымдығын нығырлай түсті. 79-минутта Пищур салған голдан соң «Тараз» кездесу соңына дейін сенімді ойнай біліп, маңызды үш ұпайды қоржынға салды. Осы турдан кейін «Тараз» 9-шы орынға тұрақтады. Көш басында алматылық «Қайрат» келеді.«Қайрат» өз алаңында «Ақтөбені» 2:1 есебімен тізе бүктірді. Ал, екінші орындағы «Астана» дәл осындай есеппен павлодарлық «Ертіске» есе жіберді. Көкшетауда «Оқжетпесті» 3:1 есебімен жеңген Қостанайдың «Тобылы» екінші алтылықтың көшін бастап, жетінші орынға орнықты.
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




