Бокстан ұлттық команданың бас бапкері Мырзағали Айтжанов олимпиадаға 4 жолдама алуды көздейді Бокстан Катарда өтетін әлем чемпионатына қатысатын боксшылар анықталды. Сары құрлықта жалауы желбірейтін әлемдік додаға 49, 64 келі салмақ дәрежелеріндегі саңлақтарымыз қатыспайды. Есесіне сегіз боксшымыз топ жару үшін жан алысып, жан беріседі. Олардың қатарында жақында ғана Тайландта өткен Азия біріншілігінде алтын жүлдеге қол жеткізген жамбылдық оғлан Олжас Сәттібаев та бар. Жалпы Катардағы әлемдік додадан ұлттық команда Рио олимпиадасына 4 жолдама, оның ішінде екі алтын медаль иеленуді көздеп отыр. Үнемі «Арық айтып, семіз шығуды» ұстанатын ұлттық команданың бас бапкері Мырзағали Айтжанов республикалық БАҚ-тарға берген сұхбатында осылай мәлімдеді. Әлем чемпионаты қазан айының 5-15 аралығында өтетін болады. Біз қазақ боксшыларына сәттілік тілей отырып, әлемдік сында бақ сынайтын саңлақтардың тізімін назарларыңызға ұсынамыз.
52 келі – Олжас Сәттібаев; 56 келі – Қайрат Ералиев; 60 келі – Зәкір Сафиуллин; 69 келі – Данияр Елеусінов; 75 келі – Жәнібек Әлімханұлы; 81келі – Әділбек Ниязымбетов; 91келі – Василий Левит; 91 келіден жоғары – Иван Дычко.
Ұқсас жаңалықтар
Скандинавия жүрісі – салауатты өмірдің өзегі
- 11 наурыз, 2026
Ербол Хамитов – қысқы Паралимпиаданың қола жүлдегері
- 11 наурыз, 2026
Ақпарат
Нарша
- 2 наурыз, 2026
Жамбылдың жауһар жырлары
- 26 ақпан, 2026
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




