- Advertisement -

АҚШ-та Батырхан Шүкеновтің ұлы Назарбаевқа әкесінің өлеңдер жинағын тарту етті

67

- Advertisement -

pogudx7cc70v2m87b.9ac934f7Президент Нұрсұлтан Назарбаев Нью-Йорк қаласында жүр. Мемлекет басшысы онда БҰҰ бас ассамблеясының 70-ші сессиясына қатысады.

Назарбаевты АҚШ ЖОО-ларында «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып жүрген қазақстандық студенттер бірінші болып қарсы алды деп хабарлайды «Хабар» агенттігі.

Нью-Йорк және Колумбия университеттерінде оқып жүрген болашақтықтар, сондай-ақ Нью-Йорктегі атақты Кино өнері академиясы (New York Film Academy) мен Джордж Вашингтон университетінің студенттері мемлекет басшысына өздерінің жетістіктері туралы айтып берді.

Президент оларға сабақты жақсы оқып, алған білімдерін біздің еліміздің игілігі үшін қолдануға шақырды.

Америкада білім алып жүрген қазақстандық жас азаматтардың арасында Батырхан Шүкеновтің ұлы Мақсұт та болды. Ол Нұрсұлтан Назарбаевқа әкесінің өлеңдері топтастырылған ән дискісін тарту етті.

Мемлекет басшысының Нью-Йорк қаласында болу бағдарламасы өте мазмұнды. Назарбаев БҰҰ-ның штаб-пәтерінде Пост-2015 саммитінде, бас ассамблеяның мерейтойлық 70-ші сессиясындағы мерейтойлық пікірталастарда сөз сөйлейді деп жоспарланған, сондай-ақ шет елдердің басшылары және үкімет басшылары, АҚШ-тың жетекші компанияларының басшыларымен көптеген кездесулер өтеді.

Сондай-ақ, президент зорлық-зомбылық экстремизміне қарсы күрес саммитіне де қатысады деп күтіліп отыр.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support