- Advertisement -

Тараздықтар ұлық мерекеде тілек тілеп, дұға етті

98

- Advertisement -

1443151375_2Барша мұсылман баласына ортақ ұлық мейрам Құрбан айттың алғашқы күнін қарсы алу үшін жамбылдық жұртшылық таңертеңмен мешіттерге ағылды,-деп жазады khabar.kz.
Әсіресе Тараздағы облыстық Орталық мешітте жиылған жамағаттың қарасы қалың болды. Көпшілік намазға жығылып: «Еліміздің береке-бірлігі артып, бейбітшілігі баянды болсын», – деп тілек тіледі. Одан соң құрбан шалып, көмекке зәру жандарға жанашырлық танытып амал етті. Ол үшін мешітке арнайы алып келіп шалынған малдың еті тұрмысы төмен, мұқтаж жандарға таратылды.   Әнуарбек Мүсәпіров, Тараз қаласының тұрғыны -Тілек білдіріп, еліміздің тілегін ойлап келдік. Еліміз, жұртымыз аман болсын деп. Қазақстанымыз өсіп, Алла тағала нәсіп етіп, қолдап жүрсін дейміз. Аллаға бәріміз ризығымызды көрсетіп, сол ниетпен келіп отырмыз.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support