Тараздағы күресті Мәскеудің «Боец» телеарнасы көрсетеді
- author «Ақ жол»
- 25 қыркүйек, 2015
- 460
Бұған дейін екі мәрте ұйымдастырылған қазақ күресінен халықаралық «Еуразия барысы» турнирі ағымдағы жылдың тоғызыншы қазанында «Тараз-Арена» спорт кешенінде өтетіні белгілі. Төл спортымызды төрткүл дүниеге танытатын дода Қазақ хандығының 550 жылдығы аясында өтеді. Бұған дейін хабарлағанымыздай балуандар бұл сында жеті салмақ бойынша (55, 66, 74, 82, 90, 100, +100 келі салмақ дәрежелері) сынға түседі. Биылғы додаға Қазақстан, Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолия, Грузия, Польша, Ресей елдерінің командалары қатысады деп күтілуде. Бұған дейін екі мәрте өткен аламанда бір рет қазақ балуандары топ жарса, бір рет моңғол балуандарының мерейі үстем болған. Бас демеуші «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ. Сонымен қатар, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы титулды демеуші саналса, үшінші рет өткелі отырған сынның «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қоры, Қазақстан Республикасы қазақ күресі федерациясы, спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясы, облыс әкімдігі мен Мәдениет және спорт министрлігі лайықты өтуіне қолдау көрсетпек. Бұрындары әлемнің 126 елі тікелей эфирде тамашалаған спорттық жарысты биыл да түркиялық «ТРТ Аваз», ресейлік «Боец» және еліміздің басты телеарналары тікелей эфирде көрсетеді деп күтілуде. Бұл доданың түйе балуандар сынында жамбылдық жампоз, екі дүркін «Қазақстан барысы» турнирінің жеңімпазы Бейбіт Ыстыбаев бақ сынайды.
Табиғат Абаилдаев, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




