Жамбыл облысының фермерлері Алматыға 260 тонна өнім әкелді

Жамбыл облысының фермерлері Алматыға 260 тонна өнім әкелді
ашық дереккөз
Жамбыл облысының фермерлері Алматыға 260 тонна өнім әкелді

1442994586_10Алматыдағы «Астана» алаңында қасиетті Құрбан айт мейрамы алдында ауыл шаруышылық жәрмеңкесі өтіп жатыр. Жамбыл облысының тауар өндірушілері мегаполиске әкелген азық-түліктің бағасы 15-20%-ға төмен,-деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. «Осы жылдың көктемінде бізде ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін кеңейту фестивалі басталды, оған барлық өңірлер қатысуда. Бүгін қала тұрғындары Жамбыл облысының өнімдерін сатып алуда», - дейді Алматы қаласы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Рахметов. Жәрмеңкеге 115 млн теңгенің 260 тонна өнімі әкелінді. Соның ішінде 40 тонна ет, 15 тонна сүт өнімі, 170 тонна көкөніс-бақша дақылдары бар. «Тағы бірнеше жәрмеңке өткізу жоспарда бар. Астана алаңында Алматы облысының фермерлері өнімдерін әкеп сатса, қазан айында Шығыс Қазақстанның азық-түлік керуенін қарсы аламыз», - деп толықтырды Мақсат Рахметов.

Ұқсас жаңалықтар