- Advertisement -

ОҚО әкімі Бейбіт Атамқұлов 25 мың теңгеге костюм сатып алды (фото)

112

- Advertisement -

pogudxfs4iob12o58.97c40b02Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Бейбіт Атамқұлов өңірге қарасты аудан-қалалардың тынысымен танысу жұмыстарын жалғастыруда.

Өңір басшысы бүгін Сайрам ауданындағы Ақсу ауылында орналасқан «GOLDEN NOMAD» ерлер костюмін тігетін тігін фабрикасында болып, өзіне жоғары сапалы «Қазақстанда жасалған» маркасымен тігілген костюм сатып алды. Құны – 25 мың теңге.

Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз хатшысы Рауан Есқали «инстаграм» әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасына жазды.

Айта кетейік, аталған фабрика өз жұмысын 2014 жылдың наурыз айында бастаған. Қазіргі таңда 108 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Кәсіпорынның жылына 26 400 дана костюм, 52 800 дана шалбар тігуге мүмкіндігі бар.

Ағымдағы жылдың ақпан айынан бастап кәсіпорын өңірдегі бірқатар өндіріс орындары мен банк қызметкерлерінің арнайы киімдерін тігумен айналысып келеді. Бүгінде тек қана ерлерге арналған киім тігетін фабрикада қараша айынан бастап әйелдер киімі де тігілмек.

«GOLDEN NOMAD»  – Қазақстандағы ерлер костюмін тігетін жалғыз тігін фабрикасы.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support