Депутаттар мәжілістің ас мәзірін көрсетті (фото)

Депутаттар мәжілістің ас мәзірін көрсетті (фото)
ашық дереккөз
Депутаттар мәжілістің ас мәзірін көрсетті (фото)

pogudx2eptond8lol.31564707Халық қалаулылары қарапайым жұрт секілді тамақтанады. Белгілі  болғандай олардың ас мәзірінде фуа-гра мен қара уылдырық жоқ.

Депутат Нұрлан Жазылбеков мәжілістің ас мәзірінің суретін салып, жұрттың назарын аударды деп хабарлайды 31 арна.

Мәзірде салаттар бағасы 113-170 теңге, саңырауқұлақ және харчо сорпасы 178-263 теңге, ал екінші асқа берілетін ыстық тамақтар 228-455 теңге аралығында екен.

Сонымен қатар мәжіліс депутаты Тәңірберген Бердіоңғаров та парламент буфеті жайлы өзінің Facebook парақшасында жазып, бұл пікір депутаттар мен қоғам өкілдерінің қызу талқысына ұласты.

«Мәжіліс бұрынғыдай емес. Фотода “аңызға айналып кеткен” парламенттің буфеті. Ол жерде фуагра бар, бәрі тиын тұрады, ал түскі асқа депутаттар қымбат виски ішеді дейтіндер де болды… 3 жиналыс есімде, әкімдіктегі алаңда орналасқан ескі ғимараттың ішіндегі буфет. 11 жыл бұрын жоғарыда айтылғандар әбден мүмкін болатын. Ал қазір заман өзгерді. Су ішіп,  жұмыстан кейін спортзалға бару. Қосымша ақшаға бутербродтар. Заман өзгереді. Адамдар да өзгереді. Пайдасы жоқ мемлекеттік қызметкерлер қысқартылып жатыр. Мемлекет оларды тамақтандыруға міндетті емес. Замануи жоғарғы заң шығарушы органның буфетінің фотосы осы. Мұнда тегін тамақ жоқ», – деп жазған депутат.

Депутат мемлекеттік қызметкерлердің шығыны мен күн тәртібін де жария еткен.

«Парламентте депутаттар қызметкердердің 10%-ын құрайды. Аппарат 35, 70, 150 мың алады. Түскі ас 800 теңгеге, ал Астанада пәтер жалдау 60-80 мың теңгеге дейін. Түскі аста үйге барып та үлгермейді. 6:00-де тұрып, үйге 22:00-ден кейін де келіп жататын кездері де болады. Бұл барлық мекемелердегі жағдай», – Бердоңғаров.

Халық қалаулыларының кейбірі әріптесін қостағанмен, мұндай буфеттерге кіретін уақыты жоқ екенін айтып жатқандар да болды. Айта кету керек, қазіргі кезде мұндай арзан бағаны еліміздегі мектептердің асханасынан табудың өзі қиын.

Сол арада депутат Айгүл Соловьева ас мәзірінде бәрі жақсы көрінгенімен, шын мәнісінде тамақтары дәмсіз әрі азғантай ғанан екенін айтып, мұңын шақты.

Ұқсас жаңалықтар