- Advertisement -

Бас мүфти халықтан сойылған малдың қасында тұрып селфи жасамауын өтінді

101

- Advertisement -

pogudx3ve10u2upqj.aa3ee09cҰлық мереке Құрбан айт алдында бас мүфти әлеуметтік желіден түспейтін мұсылмандарға сойылған малдың қасында тұрып селфи жасамауын өтінді деп хабарлайды КТК арнасы.Өзінің істеп жатқан игі амалы мақтан үшін болмауы керек. Бейнетаспаға түсіріп, елге көрсеткені бір мақтан үшін болып кетеді. Сіз біреуге садақа берсеңіз де оң қолыңыз білсе, сол қолыңыз білмеуі керек”, – дейді  бас мүфти Ержан қажы Малғажұлы.

Биыл айт намазы Алматы жұрты үшін таңғы 7:30 оқылса, елордалықтар 7:45-те бастайды. Ал құрбандық шалу үшін бұл екі шаһардың өзінде мал соятын 29 арнайы орын дайындалған. Ол жерлерде тіпті қасапшыларға дейін тренингтер өткізіліп, малды мұсылмандық жолмен сою ережелері түсіндіріліп жатыр екен.

Мүфтиат мал бағасын да кәсіпкерлермен келісіп қойыпты. Яғни, Құрбан айтта сатылатын қойдың бағасы 30 мыңнан аспауы тиіс.

Айта кетерлігі құрбандыққа бір жасар қой, екі жасар сиыр, бес жасар түйе шалынады. Сойылатын мал арық, ақсақ, соқыр, шұнақ болмауы тиіс.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support