Мына бір жаңалық елең еткізбей қоймады. Кеше ғана Германияның 21 жасқа дейінгі бұрымды боксшыларының арасында Таразда туған Мәдина Асанова күміс жүлдегер атаныпты. «Қазақстан» арнасындағы «Сенбілік кездесудің» қонағы болған Ермахан Ыбырайымов: «Тараз – боксшылардың шаһары» деген еді. Міне, соның дәлелі. Жалпы, Мәдина бес жылдан бері бокспен шұғылданып жүр екен. Бапкері – Андрей Блум да қазақ жерінен қоныс аударған. Ал жиырма жасар Мәдина – Тараздың тумасы. Әкесі Марат Асанов Лена есімді неміс қызына үйленіпті. Мәдина өмірге келгенде Германияға қоныс аударған көрінеді. Асановтар – бүгінде Вестфален Галле қаласының тұрғындары. Мәдина 2012 жылы бойжеткендер арасында Германия чемпионы атанған. 2013 жылы оған күміс жүлде бұйырыпты. Ересектер санатында 75 килограмм салмақта бақ сынап жүрген қазақ қызы финалда Жоэль Сейдоудан ғана жеңілді.
Ардақ Үсейінова, «Ақ жол».
Ұқсас жаңалықтар
Әйгерім Сәттібаеваны жамбылдықтар құрметпен күтіп алды
- 25 қазан, 2025
Қазақтың туы болған Қосы батыр
- 21 қазан, 2025
Ақпарат
Шаруалардың маңдай тері ақталатын күн жақын
- 25 қыркүйек, 2025
Әлемде транзит үшін бәсеке күшейіп бара жатыр – Тоқаев
- 8 қыркүйек, 2025
Цифрландыру пойыздың кешікпеуіне көмектесе ме?
- 21 тамыз, 2025
Газетке жазылу
«Aulieata-Media» серіктестігі газетке онлайн жазылу тетігін алғаш «Halyk bank» қосымшасына енгізді




