- Advertisement -

Шаһардың шырайын ашқан «Мыңбұлақ»

156

- Advertisement -

Тарихи тойға тарту ретінде қолға алынған нысанның бірі – «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығындағы «Мыңбұлақ» гүлзары. Бұл құрылысқа Батыс Қазақстан облысы 100 миллион теңге қаражат бөліп отыр. 

«Мыңбұлақ» жобасының авторы – академик Ескендір Мүсілімұлы. Бұрын «Жібек жолы» бойында хандар демалатын «Мыңбұлақ» демалыс орны болған екен. Гүлзар атауы сол тарихи жағдайға байланысты алынған. Гүлзар құрылысының жұмысына Жандос Бекмұратов басқаратын «Темір-байлық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жауапты. Аумағы 200 мың шаршы метр алаңға гүлзар салу жұмысы шілде айында басталған. Қазір мұнда 180 адам екі ауысым бойынша тыным таппай, кірпік қақпай, тер төгуде. Жұмысқа 12 техника жегілген. Жаңаша архитектуралық шешіммен салынып жатқан гүлзарға жергілікті құрылыс өнімдері қолданылуда. Мәселен, жергілікті «Марат-Нұр» компаниясының тастары, «МақсатСтрой» компаниясының бордюрлері гүлзар құрылысына дер кезінде жеткізілуде. Тараздағы «Темір-бетон» серіктестігінің өнімдері мен «Темір-Байлық» ЖШС-ның құрылыс заттары да кәдеге жарап жатыр. Әсіресе, «Арайстроймаркет» ЖШС-ның асфальті уақтылы жетіп, төселуде. Сондай-ақ, Қордайдың гранит тастарының да маңайға ерекше әр берері анық. Ал енді «Жасұлан-Флора» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің түрлі-түсті, алқызыл гүлдері жұмыс басында дайын тұр.
– «Мыңбұлақ» гүлзарының жұмыс ауқымы өте үлкен. Дегенмен, уақытпен санаспай еңбек етіп, құрылысты уақтылы тапсыруға мүмкіндік тауып отырмыз. Нысанды қыркүйектің 25-нен асырмай тапсырамыз. Құрылыс болған соң, оның сапалы болуына ерекше мән берілуде. «Мыңбұлақ» гүлзарына атсалысқан әр азамат өздерінің тарихи тойға үлес қосқандарына риза. Бұл гүлзардың алдағы уақытта Тараз тұрғындарының әдемі, халық жиі келетін демалыс орнына айналады деп сенеміз. Құрылысқа жергілікті өнім қолданғанымыз да тиімді болды. Тек Алматы қаласындағы «Алматы» компаниясынан «мазайка» тастарын алдырдық. Басқасы өз облысымызда өндірілген құрылыс заттары, – дейді «Темір–Байлық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жандос Бекмұратов.

Есет Досалы,
«Ақ жол».
Тараз.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support