«Газет – халықтың көзі, құлағы һәм тілі. Адамға көз, құлақ, тіл қандай керек болса, халыққа газет сондай керек»
Ахмет Байтұрсынов

той – халықтың қазынасы

той – халықтың қазынасы
ашық дереккөз
той – халықтың қазынасы

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтеміз. Осынау тарихи белестер жаңа қазақстандық патриотизмді ұрпақ жадына сіңіруде айрықша рөлге ие» деп атап көрсетті. Ғасырлар бойы қазақ халқы кең даласын ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен жаудан қорғаған. Қазақ жерінің қайсар батырлары бостандық үшін жанын берген. Қазақ хандығы – бүгінгі Қазақстан Республикасы мен көрші аймақтардың аумағында 1465-1847 жылдар аралығында құрылған мемлекет. Қазақ хандығы Еділден Жайыққа дейінгі аймақты, Сырдария мен Амудария өзендерінің аралығын, Хорасан жерін қамтыған. Қазақ хандығының мемлекеттік құрылымы дала демократиясына негізделген. Мемлекет басшысы - хандар саяси билік жүргізетін. Олар төре тұқымынан шыққан сұлтандар арасындағы таңдау негізінде сайланатын.Қазақ хандығының тұңғыш ханы – Керей, соңғы ханы - Кенесары Қасымұлы. Сыр өңірі мен Қаратау қазақ хандарының Батыс Жетісудағы иеліктеріне етене жақын болды. Жәнібек пен Керей хандар сауда-экономикалық байланыстардың маңызды орталықтары және күшті бекініс болатын Сыр бойындағы қалаларға өз заңдарын орнатуға тырысты. Сондай-ақ, Сырдың төменгі және орталық сағаларының жерлері қазақтың көшпелі тайпалары үшін қысқы жайылым да еді. Қазақ хандығының құрылуына ұйытқы болған себептер саяси және этникалық процестер. Оның басты қадамы - Керей мен Жәнібектің қол астындағылармен бірге көшпелі өзбектердің басшысы Әбілхайырдан кетіп, Моғолстанның батысына қоныс аударуы. Мұндағы маңызды оқиға – Керей мен Жәнібекті жақтаушылардың өзбек-қазақтар, кейін тек қазақтар деп аталуы. Әбілхайырдың өлімінен кейін Керей мен Жәнібектің Өзбек ұлысына келіп, үкімет билігін басып алуы. Содан жаңа мемлекеттік бірлестік Қазақ елі атана бастады. Біздің Қызылорда облысының құрылысшылары осы іс-шараға үлестерін қосу мақсатында ежелгі Тараз қаласындағы Қарахан кесенесі маңында гүлзар орнату жұмыстарын жүргізгендерін газет және теледидар арқылы оқып, көріп бір марқайып қалдық.

Гүлзия Қыстаубаева, Қызылорда қаласы.

Ұқсас жаңалықтар