- Advertisement -

Әбдірахымов Шымкенттің Лас-Вегастан да әдемі болатынын айтты

72

- Advertisement -

pogudx167h574mr1ng.4046df97Шымкенттің жаңадан тағайындалған әкімі Ғабидолла Әбдірахымов қалаға жаңа тәртіп орната бастады. Жас әкім қала көшелерін аралап, қарамағындағыларды бір сілкіп алды.

Қала көшелеріндегі көпірлер және жерасты өткелдерін аралаған әкім тұрғындарға барынша қауіпсіз жағдай жасау керектігін ескертті. Әсіресе, Әбдірахымов көпірлердің тым қауіпті екеніне екпін түсірген.

«Мына көпірлер тым қауіпті. Құдай сақтасын, адамдар бір-бірін итеріп жіберсе не болады? Біреулер секіріп кетіп, көліктің астына түсуі мүмкін ғой. Біз қанша жерден үнемдеуді ойласақ та, тұрғындарға жайлы жағдай жасауды ұмытпауымыз керек», – деді қала әкімі.

Осылайша, әкім эскалатор салу керектігін айтып, Шымкенттің Лас-Вегастан да әдемі болатынын жеткізді.

Әкім осыдан соң қаладағы жерасты өткелдерін аралап, бұзақылар сындырып кеткен қабырғаларды көреді.

«Жерасты өткелдеріндегі бұзақыларды бақылау үшін күзетші отыратын будка неге қоймасқа?» деген әкімнің сұрағы шымкенттік тәртіп сақшысының көңілінен шыққан жоқ. Осыдан соң, әкім өзіне тиесілі көшеге ғана жауап беремін деген тәртіп сақшысын жерден алып, жерге салды.

Осылайша, жақында Алматы мен Шымкент қалаларына әкім болып сайланған Бауыржан Байбек пен Ғабидолла Әбдірахымов алып шаһарлардың мәселелерін реттеуге кірісіп кеткен.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support