Аңшы иті иесінің өліміне себепкер болды

Аңшы иті иесінің өліміне себепкер болды
ашық дереккөз
Аңшы иті иесінің өліміне себепкер болды

20150918082450Пермь өлкесінде  жазатайым оқиғаның салдарынан аңшы қаза тапты, деп хабарлайды LifeNews.

Аңшылыққа шыққан жергілікті тұрғындардың бір тобы демалу үшін тоқтаған. Ер адамдардың бірі өзінің мылтығын оқтаулы күйінде ағаш түбірінің қасында қалдырып кеткен. Қасында ойнап жүрген иті кездейсоқ шаппалы механизмге тиіп кеткен. Атылған мылтық оғы ит иесінің мойнына тиіп, ол оқиға орнында ажал құшты.

Аңшының өлімі фактісімен қылмыстық іс қозғалды, тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Полицейлер оқиғаның болуы мүмкін барлық нұсқаларын тексеруде - олар шаппалы механизм ит әрекетінен іске қосылғанына толық сенбей отыр. Бұған аңшылардың кінәні итке жаба салған жазатайым оқиға болуы мүмкіндігі де тексерілуде.

Ұқсас жаңалықтар