- Advertisement -

Қазақ әйелі

96

- Advertisement -

Ең ықпалды
бірнеше президентті
шаң қаптырды

Әлемнің ең ықпалды әйелдері рейтингінде Гүлжан Молдажанова АҚШ ханымы Лора Буш пен Ұлыбритания ханшайымы II Елизаветаны және бірнеше президенттерді шаң қаптырған.
Әлемнің ең ықпалды әйелдер тізімін үш жыл қатарынан Германия канцлері Ангела Меркель бастап келеді. 2005 жылы бірінші орында болған АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс бүгінде 7 орынға түскен. 17 орында Украинаның премьер-министрі Юлия Тимошенко, ал 21 орынға Үнді ұлттық конгресі партиясының көшбасшысы Соня Ганди тұрақтаған.
Бұдан өзге тізімде 6 президенттің есімі де аталған. Рейтингке БАҚ-та жиі есімдері аталып жүрген қалталы әйелдер ғана кіреді. Қазақ әйелі Гүлжан Молдажанова тізімде 37 орынды иеленген. Ол бүгінде ресейлік «Базовый элемент» холдингінің бас директоры қызметін атқарады.
Батыстың басылымдары оны «әлемдегі ең қалталы азаматтардың бірі, алюминий патшасы Олег Дерипаскидің оң қолы» деп атап жүр. Әлемдік танымалдыққа ие болғанына қарамастан, Гүлжан Молдажанованы Қазақстанда білетіндер көп емес.
Forbes Молдажанованың өз мансабын хатшылық қызметтен бастағанын жазады.
«Қазақстанда дүниеге келген Гүлжан Молдажанова Дерипаскидің көлікке қосалқы бөлшектер, құрылыс және ядролық энергетиканы қамтамасыз ететін корпоративті жоспарларына айтарлықтай әсер етеді», – деп жазады Forbes.
Гүлжан 1966 жылдың 11 маусымында Алматыда дүниеге келген. Мамандығы – физик. 27 жасында ғылым кандидаты атанған Гүлжан Мәскеуде ғылыми жұмыстармен айналыса бастайды.
1990 жылдың аяғы мен 2000 жылдың басы аралығында Молдажанова Олег Дерипаскидің компанияларында басшылық қызметтер атқарады. 2005 жылы ол Ресейдегі ең ірі қаржылық «Базовый элемент» компаниясын басқарады. Бүгінде Дерипаскидің алюминийлік компаниясы әлемдік нарықта екінші орында тұр.
Гүлжанды Forbes-тан бөлек америкалық Fortune журналы да екі рет әлемнің ең ықпалды 50 әйелінің тізіміне енгізген. Оның есімі Wall Street Journal-да да кездеседі.
Ал ресейлік «Известия», «Финанс» және «Карьера» басылымдары оны «алюминийлік ханым» атап кеткен.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support