- Advertisement -

Ұлттық банк бірыңғай валютаның қолданысқа шыққаны туралы ақпаратты жоққа шығарды

86

- Advertisement -

pogudx4qaf905ngu2.356cf45bҰлттық банк Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірыңғай валютаның қолданысқа шыққаны туралы әлеуметтік желілерде тараған ақпаратты жоққа шығарды деп хабарлайды Астана арнасы.

Банк өкілдерінің айтуларынша, мұндай қауесет доллар бағамы 300 теңгеге көтерілгеннен кейін тараған.

Ал жалған ақпарды белгісіз біреулер Whatsapp желісі арқылы жіберген. Белгілі болғандай суретте ойдан шығарылған валюта үлгілері бейнеленген. Сондай-ақ, жалған ақпарат таратушылар хабарламада жұртты долларды теңгеге айырбастауға үгіттеген.

Ал Ұлттық банктегілер бірыңғай валюта шығару үшін көптеген халықаралық келісімдер жасасу қажет, қазір ондай келіссөздер жүргізіліп жатқан жоқ екенін айтып, әлеуметтік желілердегі ақпарат шындыққа жанаспайды деп қысқа қайырды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support