- Advertisement -

Обама қолдан сағат жасаған мектеп оқушысын Ақ үйге шақырды

80

- Advertisement -

pogudx7a40hf05ctm.3b314da4АҚШ президенті Барак Обама полицейлер бомба деп ойлап, қолдан жасаған сағат үшін ұстап алған 14 жасар жасөспірімді Ақ үйге шақырды.

«Күшті сағат, Ахмед. Оны Ақ үйге әкелгің келе ме? Біз осындай балаларды ғылыммен айналысуға шабыттандыруымыз керек. Бұл Американы ұлы ететін дүние», – деп жазды Обама Твиттерде.

Бұған дейін сәрсенбі күні Америка БАҚ-тары Ирвинг қаласы (Техас штаты) полициясының мектепке қолдан жасаған электрондық сағатпен келген жасөспірімді қамауға алғанын хабарлады. Полицияны білім мекемесіне сағатты бомба деп ойлаған мектеп әкімшілігі шақырды.

Басылымның мәліметтерінше, тегі судандық Ахмет Мұхаммед бұл әрекетімен мұғалімдер мен сыныптастарын таңғалдырғысы келген.

«Мен ғылымды ұнатамын, бірақ қараторы болғанымнан, қауіп әкелетіндей көрінемін», – деп мойындады ұл бала британдық The Independent-ке.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support