- Advertisement -

тойдың тамашасын бақпа, тағылымын бақ

122

- Advertisement -

Атшабардағы сенбілікке
750 адам белсене қатысты

Өткен сенбіде облыс әкімінің бастамасымен Тараз қаласындағы Атшабарда сенбілік ұйымдастырылып, ондағы мерейтой қарсаңындағы дайындық жұмыстарының барынша тиянақты әрі жылдам аяқталуы қаперге алынды. Облыс әкімдігінің барлық басқармаларының қызметкерлері жұмылдырылған сенбілікке жеті жүз елу адам қатысып, таңның атысынан күннің батысына дейін аянбай тер төкті. Олардың жартысынан астамы өңіріміздегі спорт мекемелерінің қызметкерлері екенін айтып өткен жөн. Сенбілікке қатысушылардың еңбегіне сәттілік тілеген облыс әкімі Кәрім Көкірекбаев жұмыс барысымен танысып, шаруалардың көпшіліктің көмегімен бітетінін алға тартты.

– Хандықтың тойы – халықтың тойы, оның жоғары деңгейде өтуіне, той алдындағы толассыз аббаттандыру жұмыстарының өз уақытында аяқталуына бәріміздің үлесіміз қажет. Бүгінгі сенбіліктің де мақсаты сол. Өңірімізде тойланатын тарихи той барысындағы бірқатар мерекелік маңызды шаралар осы Аташабарда орын алмақ. Соған орай мұндағы дайындық жұмыстары да тиісінше сапалы түрде атқарылып, мерейтойға сақадай-сай болуы керек, – деген Кәрім Нәсбекұлы жұмысшылардың жайына алаңдаушылық танытып, ұйымдастырушыларға жеті жүз елу адамның түскі ас мәзірі дұрыс әзірленуін тапсырды. Сондай-ақ, өңір басшысы «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» екенін ескеріп, қажет болған жағдайда, осындай сенбіліктің тағы да қолға алынатынын тіліне тиек етті.
– Бүгінгі сенбілікке облыстық жастар орталығынан отыз адам қатысып, еңбек етуде. Ондағы мақсатымыз – ортақ тойға тамшыдай болса да өз көмегімізді тигізсек деген ниет. Бізден басқа да өңіріміздегі мекемелер мен орталықтардан келген еріктілермен бірге екі гектар аумақтағы тастақ алаңқайға көк шым төсеп жатырмыз. Өздеріңіз байқап отырғандай мерекелік көңіл-күймен жүрген жастардың қарқыны жоғары. Әрқайсымызға белгіленіп берілген аумақ бар. Сондағы жұмысты аяқтап кету – міндетіміз, – деді облыстық жастар орталығының ұйымдастыру бөлімінің басшысы Төленді Көпбергенов.

Жанғазы АХМЕТ,
«Ақ жол».

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support