Өмірдің заңынан асқақпын

Өмірдің заңынан асқақпын
ашық дереккөз
Өмірдің заңынан асқақпын
Өлеңнің заңына бағынып, Өмірдің заңынан асқақпын. Сара жол сүреңі – әр үміт, Бетке алдым сүрлеусіз тастақты. Өзгелер өгейдей тұнжырар, Өзім ше?.. Мықты боп, мұңайман: Болашақ – бұлыңғыр. Бұлдырар... Бәрібір жүрегім, жыр-айнам. Белгісіз бағытқа жол тарттым, Іздесең, білінбес ізім бар: Көшірме болуға шорқақпын, Маңдайға тағдырмен сызылған... (Даралық – тек жалғыз нұсқалық. Бағы да басқаша, соры да.) Тілек боп тербейді құштарлық «Нұр жаусын гүл – сара жолыма». «Өлеңнің заңы тек Өзіңе» – Дейсің бе? Дей бергін. Қысылман. ...Өмірдің заңы тек көзімде, Жүректен кептер ғып ұшырғам...

Ұқсас жаңалықтар