- Advertisement -

Қаржы сарапшысы теңге құлдырауының пайдалы тұстары барына сенімді

77

- Advertisement -

pogudx2vl8add50vsg.b0bf468cҚаржы сарапшысы Айдархан Құсайынов теңге құлдырауының пайдалы тұстары барына сенімді.

«Әрине, мұндай аяқ-асты құбылулар экономика үшін жақсы емес. Десек те, бұл өзгерістердің оң тұстары да болуы мүмкін», – дейді сарапшы.

«Біз барлығын доллар және еуромен санаудан бас тартуымыз керектігі айдан анық. Бізде бүгінде ақылға қонымсыз жағдайлар орын алуда: сауда орталықтары, базаралар, бизнес-орталықтарындағы коммерциялық орындардың бағасы тек доллармен қойылған. Теңге құлдырап, жалдау құны қымбатттай түсті. Ал шығынды көбейтуді тұтынушыларға жүктей салған. Егер теңгенің құбылуы тоқтамаса, тұрғындар өздері-ақ шетелдік валютадан бас тартады. Бұл бірінші пайдалы тұсы. Екіншісі: теңге тұрақты болмағандықтан, нарықта алыпсатарлар да азаяды», – деп санайды Құсайынов.

Ол бүгінде ешкім келесі аптада немесе келесі айда бағамның қандай боларын дөп басып айта алмайтын жағдайда екенін алға тартты.

«Тек қана болжамдар жасай аласыз. Мұндай жағдайға алыпсатарлардың жүйкесі шыдамайды», – дейді сарапшы.

«Осы орайда менің болжамым: теңге әлсіреуін жалғастыра бермек. Долларына 280-300 теңге – валютаның қазіргі жағдайға лайықты бағамы деп санаймын», – дейді Құсайынов.

Еске салсақ, Алматы мен Астананың айырбас нүктелерінде доллар рекордтық 265 теңгеге жетті.

“Время” басылымының рұқсатынсыз ақпаратты пайдаланып, көшіруге тыйым салынған.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support