- Advertisement -

Қазақстан қырғыз және ресейлік өнімдерді әкелуге уақытша шектеу енгізді

81

- Advertisement -

pogudx2svciv0lqtlg.6f05731eҚазақстан қырғыз және ресейлік өнімдерді әкелуге және өткізуге уақытша шектеу енгізді деп хабарлайды Ұлттық экономика министрлігі.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету мақсатында 2015 жылғы 8 қыркүйектен бастап Қазақстанның аумағына келесі өндірушілер мен атаудағы тамақ өнімдерін әкелуге және өткізуге уақытша шектеу енгізілді.

“Шешім ағымдағы жылғы 8 айда жүргізілген зертханалық зерттеулерді талдау нәтижелері бойынша қабылданды, микробиологиялық көрсеткіштер бөлігінде және ашытқылар бойынша санитариялық-эпидемиологиялық және техникалық регламенттердің гигиеналық көрсеткіштерін бірнеше рет бұзу фактілері анықталды”, — делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, бұзушылықтар келесі өнімдерде анықталды: Ресей, Мәскеу облысы, «Хохланд» Руссланд ЖШҚ өндірген әртүрлі дәмі бар HOCHLAND балқытылған ірімшігі; Ресей, Мәскеу облысы, «Преображенский» ЖШҚ МК өндірген әртүрлі дәмі бар глазурленген ірімшігі; Ресей, Мәскеу облысы, «Кампина» ЖШҚ өндірген йогурт сусындары; Қырғызстанда өндірілген Шаруа сары майы; Ресей, Орлов облысы, «Верховский молочно-консервный завод» ЖАҚ өндірген «Славянские қант қосылған қойылтылған кілегей» құрамында сүт бар қойылтылған өнімі; Ресей, Мәскеу қаласы, «Микояновский мясокомбинат» ЖАҚ өндірген сосиска өнімі; Ресей, Кемерово қаласы, «КДВ Кемерово» ААҚ өндірген «Яшкино» сауда белгісінің «Шоколайт» және «Голландские» вафлиі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support