- Advertisement -

Сергей Светлаков қазақтарды “ең бөспе халық” деп атады

116

- Advertisement -

pogudx3qc18j1gac2.360ff63bШоумен, әртіс, Алматыдағы Zoloto мейрамханасының қожайыны Сергей Светлаков Қазақстанға көшіп келуге ниетті. Себебі оның ойынша, біздің елде дағдарыс әлдеқайда жұмсақ өтуде деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Жаңа өмір бастау керек», – деп кеңесін берді Светлаков Алматыда өткен журналистермен кездесу барысында.

«Қазақтан үйін тартып алып, жұмыстан қусаң не істейді? Бірінші кезекте ол барып, ең қымбат көлікті сатып алады. Ең бөспе халық – қазақтар», – деп әзілдеді Светлаков.

Шоумен Алматыдағы мейрамханасында ең көбі 18 мың долларға тамақтанғандар да табылғанын жасырмады.

Баспасөз жиыны барысында КВН-шы, әртіс, ал бүгінде ресторатор саналатын Светлаков жаңа фильмнің түсіріліміне білек сыбана кіріскенін мәлімдеді. Сергей фильмде басты рөлді сомдап қана қоймай, сценарийші және продюсер болмақ. Ал фильмнің режиссері және серіктес авторы – Александр Незлобин.

NUR.KZ тілшісімен сұхбаттасу барысында Сергей Светлаков еліміздің қай ұлттық дәстүрлері оны қатты қызықтыратынын, Алматыда тұру туралы жоспарларын айтып берді.

– Қазақстандық дәстүрлердің қайсысы сізге ұнайды?

– Барынша көсіліп өмір сүру. Қазақ демалса, менің өзге ұлт өкілдері арасындағы достарымның бірі жасай алмайтын мереке ұйымдастырады. Маған бұл ұнайды, себебі бұл адамдардың ашық, көпшілікке өзін жария етуді армандай білетін халық екенін көрсетеді.

– Не себепті Алматыда емес, Юрмалада тұруды жөн көрдіңіз?

– Мен көшіп-қонғанды жақсы көретін адаммын. Сол себепті көп ұзамай Алматыда жүруім де әбден мүмкін. Ал Юрмалада мен тек уақытымның жартысын ғана өткіземін. Қалған жартысы – Мәскеуде, Кей кездері Азияда өтеді. Мен Азияға көбіне өз жобаларымды, киноларымды жүзеге асыру үшін оқшау жер іздеп барамын. Мен Алматыға жиі келемін. Сол себепті, егер дағдарыс қысатын болса, мен Алматыда тұру жағын да ойлап жүрмін.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support