- Advertisement -

ОАР-дан адамның жаңа түрінің сүйектері табылды

94

- Advertisement -

Оңтүстік Африка Республикасындағы үңгірлердің бірінен адамның белгісіз түрінің сүйектері табылды, — деп хабарлайды The Telegraph. Бұл туралы Йоханнесбургтегі Витватерсрандский университетінің профессоры Ли Бергер мәлімдеді.

SAFRICA-SCIENCE-PALENTHOLOGY-NALEDI 7b2cd196ad3e2bd50474bd62ae663160 850cb8afb859bbcc265a8806ee67f70c  d25aa5695f2d207a7ec632394fe3c321623942797991103595ce61ce239b6339

Бергер жетекшілік еткен экспедиция кезінде Йоханнесбург маңынан 15 адамның денесі табылды. Ғалымдар жаңа түрді таптық деген болжамға келіп отыр.
Адамның жаңа түріне Homo naledi деген ат берілді. Бұл түрге жататын адамдардың бойы 1,5 метрден, ал салмағы 45 келіден аспаған. Homo naledi-дің жамбас сүйектерінің орналасуы аустралопитек Люсиге ұқсас, дегенмен иықтары тауда жүруге ыңғайлы болу үшін жақсы жетілген. Жаңа түрдің аяқтары адамдардың аяғына ұқсас. Бас сүйегі ертедегі адамдарға келгенмен, миының көлемі кішірек — апельсиннің көлеміндей.

Денелердің көмілгені ғалымдарды таңғалдырды. Олар тек Homo sapiens қана адам өлгеннен кейін оны жерге көмеді деп ойлаған. «Біз бұған дейін жануарға қарағанда есті, ерекше түр туралы ойлаған едік», — деді Бергер.

Ғалымдар Homo naledi түріне тиесілі қалған денелерді іздеумен айналысатындарын айтты. Бергер алғашқы денелер табылған үңгірде тағы мыңдаған адамның сүйегі жатқан болуы мүмкін деген тұжырым айтты.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support