- Advertisement -

Президенттің баспасөз хатшысы Назарбаевтың фуа-гра туралы сөздеріне түсініктеме берді

84

- Advertisement -

pogudx5oddh9rc94b.4aeecf7dНұрсұлтан Назарбаевтың фуа-гра туралы сөзіне қатысты президенттің баспасөз хатшысы Дәурен Абаев Tengrinews.kz тілшісіне түсініктеме берді.

Ол фуа-гра жайлы “бейнелей айтқан сөздің” әлеуметтік желілерде көп талқыланғанын мемлекет басшысының естігенін айтты.

“Әрине Нұрсұлтан Әбішұлы әлеуметтік желілерде не болып жатқанын біледі, ол интернет қолданушыларының фуа-гра жайлы қалжыңдарына әзілмен және түсіністікпен қарады. Сонымен бірге, ол өзінің бейнелей айтқан сөзінің доллардың қымбаттауы мен жанар-жағармай құнының көтерілгенінен кейінгі көңіл-күйді ширатып алуға бір себеп болғанын да түсінеді”, – деді Назарбаевтың баспасөз хатшысы.

“Бірақ сіздер мемлекет басшысының тығыз жұмыс кестесін көріп отырсыздар, ол демалыссыз жұмыс істейді, елдердің басшыларымен кездеседі және Қазақстан азаматтарының амандығы үшін жұмыс істейді. Мәселен, 30 және 31 тамызда мемлекет басшысы Қытайда жұмыс істеп жатты, ал бұл уақытта қазақстандықтар демалып жатыр еді”, – деп атап өтті Дәурен Абаев.

Еске салсақ, Ақмола облысына келген Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан әкімдерімен отырыс өткізген болатын.

Президент үкіметтің жанар-жағармай материалдарына бағаны мемлекеттік реттеуден бас тартуына қатысты пікірін білдіріп, қазақстандықтарға шетелдік тауарлардан бас тартуға кеңес берген.

«Оларсыз да өмір сүруге болады. Солай емес пе? Фуа-гра, банансыз. Ең үлкен «Ленд Крузер» мінбей-ақ та өмір сүруге болады емес пе?  Өмір сүруге қажетті заттардың бәрі бізде бар», – деп пікірін білдірген президент.

Президенттің бұл әзілі әлеуметтік желілерде тез тарап кетті. Көбісі «фуа-гра деген не, оны немен жеуге болады?» деген сұрақтың жауабын іздеуге кіріскен.

Оның дәмін татып үлгерген қазақстандықтар дайындалуы қиын деликатестің қазыға жете қоймайтынын алға тартқан.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support