Жамбыл жеріне Қытай елінен керуен келеді

Жамбыл жеріне Қытай елінен керуен келеді
ашық дереккөз
Жамбыл жеріне Қытай елінен керуен келеді

1441705191_2Тараз. Zhambylnews - Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту мақсатымен Қытайдан шыққан керуен 26 қыркүйек күні Жамбыл облысының шекарасына жетеді. Тарихы тым тереңнен бастау алған аспан асты елінің Сиянь қаласынан аттанған топ қазан айында Тараз шаһарында кең көлемде аталып өтілетін Қазақ хандығының 550 жылдығына қатысады. Естеріңізге сала кетсек  Жамбыл облысының әкімі Кәрім Көкірекбаев ҚХР Шэньси провинциясына арнайы жұмыс сапарын жасаған болатын. Нәтижесінде бірқатар меморандумдарға қол қойылып, бірлескен  халықаралық фестиваль өткізу, өнер мен мәдениет саласында тәжірибелермен алмасу,  ҚХР-ның өнер қайраткерлерінің Қазақ хандығының 550 жылдығына орай өткізілетін салтанаттарға қатысуы туралы келісімге келген болатын.

Ұқсас жаңалықтар