- Advertisement -

Жаңа көшелерге соғыс ардагерлерінің есімі берілмек

164

- Advertisement -

1441790307_4Тараз. Zhambylnews — Тараз қаласы әкімдігінің мәжіліс залында Тараз қалалық мәслихаты тұрақты комиссияларының көпшілік тыңдауы өтті. «Арай» алқабындағы жаңа көшелерге соғыс ардагерлерінің есімі берілмек. Жиынды Тараз қалалық мәслихатының хатшысы Б. Нарбаев жүргізіп отырды. Бұл туралы қала әкімінің ресми сайты хабарлайды.
ҚР Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы «Әкімшілік-аумақтық бірліктерге, елді-мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, оларды қайта атау, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту кезінде тиісті аумақ халқының пікірін ескеру қағидаларын бекіту туралы» №138 қаулысының 2 тармағына сәйкес және Вице Премьер-Министр Б. Сапарбаевтың Ұлы Отан соғысының қатысушыларына қатысты тапсырмасы берілген болатын. Осы тапсырманы негізге ала отырып, Ұлы Отан соғысы ардагерлері Патшабек Тілеубаев және Дүйсен Баяновтың есімдерін Тараз қаласы көшелеріне беру туралы ұсыныс жасалды.
Патшабек Тілеубаев Жамбыл облысы, талас ауданы, Үшарал ауылында дүниеге келген. 1941-1946 жылдары Қызыл армия қатарында болып, Ұлы Отан соғысына бастан-аяқ қатысқан. «Ерлігі үшін», 2-3 – дәрежелі Даңқ орденімен, «Ленинградты қорғағаны үшін», «Кенисбергті алғаны үшін», «1941-1945 ж.ж Жеңіс» орден-медальдарымен марапатталып, Сталиннің Алғыс хатын алған. 1976 жылы ауыр науқастан қайтыс болған. Ал Дүйсен Баянов болса, Жамбыл қаласында №49 атзауыты, №1 ауылында дүниеге келген. Ол Совет Армиясының күніне Алғыс хатымен, КСРО одағының Жоғары Кеңесінің президиум жарлығы бойынша Ұлы Отан соғысының бірінші дәрежедегі орденімен марапатталған. Соғыстан кейінгі жылдары басшылық қызмет атқарған Дүйсен Садықұлы 1985 жылы қайтыс болған.
Тараз қаласы, «Арай» алқабындағы жаңа көшелерге есімдері ұсынылған қос ардагер жайлы аумақ халқының пікірі тыңдалып, бірауыздан қолдау тапты

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support