- Advertisement -

Жамбыл облысының басшысы Азия чемпионы Олжас Сәттібаевпен кездесті

69

- Advertisement -

1441775010_9Тараз. Zhambylnews — Жамбыл облысының басшысы Кәрім Көкрекбаев боксшы Олжас Сәттібаевпен кездесті.
Жамбылдық боксшы Олжас Сәттібаев Таиланд астанасы Бангкокте өткен Азия чемпионатында алтын медальді еншіледі. Бокстан Азия чемпионатының ақтық сынында 52 келі салмақ дәрежесінде сынға түскен жерлесіміз өзбек спортшысы Шахобиддин Зоировтан басым түсті. Үш раунд қорытындысы бойынша қарсыластарын айқын басымдықпен ұтқан Олжас 2015 жылғы Азия чемпионы атанды.
Кездесу барысында облыс әкімі Кәрім Көкрекбаев боксшыға 2 млн. 400 мың теңге көлемінде, ал бапкеріне 300 мың теңге көлемінде ақшалай сертификат тапсырды.
Кездесу соңында аймақ басшысы спортшыға зор денсаулық, мол бақыт және толағай жеңістер тіледі.
Еске салсақ, 25 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Бангкокта өткен бокстан Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар бес алтын медаль, бір күміс және бір қоламен командалық есепте көш бастады. Енді құрама Дохада 5 қазанда ашылатын Әлем чемпионатына дайындыққа кіріседі.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support