- Advertisement -

Назарбаев “Қазатомөнеркәсіптің” активтерін жекеменшік қолға беруді тапсырды

57

- Advertisement -

Нұрсұлтан Назарбаев «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» басқармасының төрағасы Асқар Жұмағалиевпен кездесу өткізді.

Кpogudx6gtl6eo0a71.a3a29621ездесу барысында Асқар Жұмағалиев мемлекет басшына алдағы 10 жылға «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ негізгі мақсаттарын айқындайтын ұлттық атом компаниясын дамыту стратегиясы  бекітілетінін  баяндады.

Қазақстан президенті экономикалық көрсеткіштерді жақсарту мақсатында компаниялардың бейінді емес активтерін шығару қажеттілігін атап өтті.

«Тәуелсіздігіміздің бастапқы кезеңіндегідей шешімді түрде жекешелендіру жүргізуіміз қажет. Уран өндірісі тікелей ден қою қажет, сонымен қатар барлық қалған активтерді жекеменшік қолға беру керек», – деді Назарбаев.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқармасының төрағасы даму стратегиясының негізгі басымдықтарының ішінде – өндірісті әртараптандыру және ядролық-отын циклінің барлық буынын қамту, сондай-ақ компанияның, оның ішінде табысты кәсіпорындардың тиімділігін арттырып, трансформациялау бар екенін атап өтті.

Жұмағалиев стратегияны іске асыру «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құнын ұлғайтуға, оның әлемдік уран өндірісі нарығында көшбасшылық ұстанымын сақтауға мүмкіндік беретініне сенімділік білдірді.

Кездесу қорытындысы бойынша Назарбаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support