- Advertisement -

Айдын Айымбетов ғарышта өзіне қазақтың сорпасы жетіспей жатқанын жазды

75

- Advertisement -

pogudx6vc6khim21t.40a0eb5cҚазақтың қазысы мен қымызы – ғарышта, деп хабарлайды «Егемен Қазақстан» басылымы.

Ғарыш экспедициясына арнап Қазақ тағамтану академиясының ғалымдары азықтық және биологиялық құндылығы, әрі медициналық-биологиялық қасиеттері жоғары бие сүті мен жылқы майының негізінде қазақтың ұлттық мәзірінің арнайы дайындалған өнімдерін әзірлеген болатын.

«Дастарқан» деп аталатын бұл ұлттық тағам кешенін Айымбетов өзімен бірге Халықаралық ғарыш стансасына алып барды.

«Бірінші тағам – қатырылған түрдегі ­қазақ­тың «ет тағамы». Сал­­­мақсыздық ­жағ­да­­­­йын­да тамақтану үйреншікті іс емес. Ет дәмді, бірақ құрғақ. Сорпа жетіспейді», – деп жаз­ды ол Twitter әлеуметтік желісіндегі өз парақшасына.

«Ғарыш стансасында экипаж мүшелері қазақстандық өнімді сынақтан өткізеді. Бұл тағамдардың жұмыс іс­теу қабілетімізді арттырып, ­шар­ша­ғанымызды басатыны­на сенім­дімін», – дейді қазақ ғарышкері.

Қазақстандық өнімдердің Халықаралық ғарыш стансасын­да ғарышкерлер пайдаланатын та­ғамдардың қатарына енуі әбден мүмкін. Қазақтың ұлттық тағамының дәмін татқан ресейлік ғарышкер Сергей Волков та өз пікірімен бөлісті.

«Барлығы өте дәмді болды, пакеттелген қымызды көріп, ерекше таң қалдық. Халық­ара­лық ғарыш стансасының бор­тында тағам түрлері көп емес, сондықтан да Айдын Айым­бетовтің алып келген «Дас­тар­қан» қазақстандық тағам ке­шені экипаждың күнделікті асы­на үйлесімді қосымша болып отыр», – дейді ғарышкер.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support