- Advertisement -

Стивен Сигал леопардтың ұрғашысын Бөрте деп атады

113

- Advertisement -

07-09-2015-Stiven-SigalАтақшы актер Стивен Сигал Владивостокта өткен экономикалық форумда қиыршығыстағы леопардтың бірін Шыңғысханның әйелінің есімімен атады. Бұл туралы Лента.ру хабарлады. Экономикалық форумда қиыршығыстағы леопардтардың тұқымын сақтап қалу мақсатында көрме ұйымдастырылды. Міне, сол шарада Сигал сирек кездесетін бұл тағылардың санын қалайда сақтап қалу қажеттігін айтты. Сондай-ақ, ол: «Мен леопардтарды сақтау үшін бар көмегімді аянып қалмаймын. Сонымен қатар, мына Leo 16F нөмірлі ұрғашы аңды Шыңғысханның әйелі Бөрте ханшайымның есімімен атайтын боламын», – деді. Ұлттық парктің директоры Татьяна Баранованың пікірінше, актердің осы бастамасы қиыршығыстағы леопардтарды сақтап қалуға үлкен көмек болатын көрінеді. «Біз Leo 16F Бөртенің тұқымы көп болады деп үміттенеміз. Өйткені, Шыңғысханның осымен аттас әйелінің 9 баласы болған» – деді парк директоры. Айта кетейік, Стивен Сигал аталған форум аясында жануарларды сақтап қалу үшін, оның ішінде Леопардтың сирек кездесетін түрін қорғау үшін жаңа жобаға мол қаржы бөлетінін мәлімдеді. Талғат Райымбек.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support