- Advertisement -

Байзақтық шаруалар жоңышқа оруды жалғастыруда

134

- Advertisement -

1441600649_10Жаздың соңы, күз айларының басы — дала жұмыстарының ең бір қызған шағы. Шаруашылықтарда егін орағы, пішен дайындау, дақылдарды күтімдеу одан әрі жалғасуда.
Жоңышқа елімізде ең көп өсірілетін малазықтық дақыл, малға өте жұғымды.  Қазақстанда оның 18 түрі өседі. Жоңышқаға тойған мал жемге қарамайды, қоңын бермейді.
Жуырда Сарыкемер-Мырзатай бағытындағы диқандық тұрғын Марс Мұқашевтің жоңышқа алқабында болудың сәті түсті. Жер апшысын қуырған аптап ыстықта жол жағасындағы көк майса жоңышқалық кім-кімнің де болмасын көңілін өзіне аударары анық.
Аумағы 1,5 гектарды алып жатқан жоңышқалықта біз барған сәтте МТЗ-80 маркалы трактор көкмайса жоңышқаны пресстеп жүр екен. Қолындағы айырын қыса ұстаған Марс ағамыз бізді күлімсірей қарсы алды. Әңгіме барысында текшеленген жоңышқа бумасының бағасы 45 теңгеден, ал әрбір гектар жоңышқалықты ору бағасы 4000-4500 теңге көлемінде екендігін білдік.
Осы бір жарым гектар аумақтан 450 түк жоңышқа алдық. Ендігі бар үміт – жоңышқаны ысырапқа ұшыратпай, уақтылы жинап алу-дейді Марс ағамыз тершіген маңдайын сүртіп жатып.

М.Манекеев, Байзақ ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support