- Advertisement -

Ауылдар ажарланып келеді

79

- Advertisement -

1441606037_dsc_1177Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Тараз шаһары көз алдымызда көріктендіріліп келеді. Осынау торқалы тойға атсалысу кең байтақ еліміздің өзге өңірлерімен қатар, облысымызға қарасты аудандар тарапынан да жүзеге асырылуда. Облыс орталығына жақын орналасқан Байзақ ауданы да өсіп-өркендеу үстінде. Ауданымыздағы ауылдар күн санап көркейіп, ажарлана түсуде.  Заман талабына сай салынып жатқан зәулім ғимараттар мен тұрғын үйлерді айтпағанның өзінде, жолдар жөнделіп, қажетті орындар жасыл желектермен көмкерілуде.
Үстіміздегі жылы Байзақ ауылындағы Аймауытов, Мырзатай ауылындағы Әмірқұлов, Сеңкібай елдімекеніндегі Сәтбаев, бурылдағы Хамдиева, ботамойнақтағы Мәмбет батыр, Жұмабеков көшелері және аудандық маңызы бар Дихан-Жеңіс, Көкбастау-Тегістік жолдарына орта жөндеу жұмыстары жүргізілсе,  аудан орталығы Сарыкемер ауылындағы Жамбыл, Байзақ батыр, Сейфуллин, Д.Қонаев, Медеулов, Дулати көшелері ағымдағы жөндеуден өткізілді.
Мұндай іс-шаралар аудандық маңызы бар Жетібай-Аққия-Бағара, Қостөбе-Бурыл, Жаңатұрмыс-Королевка, Базарбай-Жібек жолы жолдары мен Бурыл, Қызыл жұлдыз, Байзақ, Дихан ауылдарындағы көшелерде, сонымен қатар Шахан, Аймантөбе, Кеңес, Қосақ ауылдарына кіреберістегі жолдарда да атқарылды.
«Жол қадірін жолаушы біледі” демекші, соңғы кездері жаяу жүргіншілер жолдары да салынып келеді. «Астана» балабақшасына бала апаратын ата-ана осы күнге дейін кедір-бұдыр жолда талай сүрінгенін жақсы білеміз. Енді міне, бұл олқылықтың орны толтырылып, сол маңдағы жаңадан бой көтерген үйлердің жанынан көрсе көңіл толарлықтай 1 километрді құрайтын түзу қара жол салынуда.
Елдімекеніміздегі ендігі бір жағымды жаңалық Бәйтерек ауылдық округіндегі Байзақ батыр, Дидарбеков көшелерінің бойына жаңа үлгідегі аялдамалар қойылды. Барлығы төрт аялдама «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 1 млн. 810 мың теңгеге тұрғызылған. Мердігері «Рауан” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Бұл да жолаушыға қолайлы жағдай туғызу үшін жасалып жатқан жақсы жұмыстың бірі деп білеміз.
Жалпы, айта берсе ауданда атқарылып жатқан жұмыстар жетерліктей. Орталық алаңдағы сахнаның қайта қалыпқа келтірілуі де ауданымыздың көркін одан сайын аша түсері анық.

А.Шотбасова, Байзақ ауданы

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support