- Advertisement -

Жамбылдық шабандоз «Алтын тұлпар» бәйгесінің бас жүлдесін жеңіп алды

101

- Advertisement -

1441598543_6Тараз. Zhambylnews — Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Нұр Отан» партиясының қолдауымен «Алтын тұлпар» дәстүрлі республикалық турнирі болып өтті. Бас жүлдені жамбылдық шабондоз Ақжол Жұматаев жеңіп алды. Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының баспасөз қызметі хабарлайды. 
Биылғы сайыстың басты ерекшелігі — бәйге жолының 43 шақырымнан 51 шақырымға дейін ұзартылғандығы.
Турнирге республикамыздың түкпір-түкпірінен 160-қа жуық сәйгүлік қатысты. Мәреге алғашқы жеткен 9 тұлпарға да қаржылай жүлделер берілді.
«Бүгінгі өтіп жатқан шараның басты мақсаты – халқымыздың рухын көтеру, бірлігін нығайту. Сонымен бірге осы спорт түрін қайта жаңғырту, ұлттық брендке айналдыру. Осы арқылы жас ұрпақтың бойында патриотизмді, ұлттық құндылықтарға деген құрметті күшейту», — деді «Нұр Отан» партиясы хатшысы Фархад Қуанғанов.
Өткен жылы «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына орай бастау алған аламан бәйге бүгінгі күні дәстүрлі іс-шараға айналып отыр. Ол жолы «Алтын тұлпар» бәйгесінің бас жүлдесі қарағандылық шабандоздың қанжығасына байланған болатын.
Партия саяси Доктринасына сәйкес ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытындағы іс-шараларға жүйелі қолдау көрсетіп келеді.
Биылғы «Алтын тұлпар» аламан бәйгесінің жүлде қоры қомақты. Бас жүлде 10 000 000 теңгені құрады.
Айта кетейік, шара аясында «Ат сыншысы» байқауы ұйымдастырылды. Турнир шеңберінде 1000 адамдық үлкен ас беріліп, айтыс, бауырсақ фестивалі, қымыз түрлерінің көрмесі, ұлттық жәдігерлер көрмесі  ұйымдастырылды.

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support